Басты бетЖүк көтергіш механизмдер

Жүк көтергіш механизмдер

Мақсатты аудитория

Басшылық құрам, негізгі мамандар, сондай-ақ жүктерді көтеруге және орнын ауыстыруға арналған көтергіш құрылыстар қолданылатын қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланумен айналысатын жеке тұлғалар.

Күтілетін нәтижелер

Оқыту (біліктілікті арттыру) және тестілеу нәтижелері бойынша қатысушылар белгіленген үлгідегі құжат (куәлік) алады.

Оқыту форматы

- топтық пікірталас және жаттығулар;
- case-study;
- brainstorming;
- интерактивті пікірталастар;
- шағын топтардағы жұмыс.

Толық сипаттамасы

Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен көтергіш жабдықтарды пайдаланатын мамандардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін нормативтік заңдарды, нұсқаулықтар мен ережелерді практикада қолдану. Көтергіш жабдықтарды тіркеу органдарында тіркеу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау. Әртүрлі пайдалану жағдайларында көтергіш жабдықтарды қолдана отырып жұмыстарды ұйымдастыру және орындау. Құрылыс объектілеріндегі көтергіш жабдықтарға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына дербес өндірістік бақылау жүргізу қабілеті. Көтергіш жабдықтарды пайдалану арқылы жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.
- оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар/куәліктер беріледі;
- белгіленген бағаға: оқыту, үлестірме материал, кофе-брейктер (офлайн форматта) ұйымдастырылады;
- толық ақпаратты 8 (7172) 27-33-81 телефоны арқылы алуға болады.