Мақсатты аудитория
Ұйым басшысы, артық қысымдағы жабдықтарды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауы бойынша өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлға; еңбекті қорғау жөніндегі мамандар; қауіпті өндірістік объектілердің жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты тұлғалар; артық қысымдағы жабдықтарды тікелей пайдаланатын және қызмет көрсететін қызметкерлер.
Күтілетін нәтижелер
Семинар соңында қатысушылар қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және ілеспе агрегаттарды тиімді пайдалануға көмектесетін дағдыларға ие болады; жоғары қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдаланудың қыр-сырын және пайдалану саласын меңгереді; тиісті жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлерді даярлау ережелері; баллондарға қызмет көрсету процесіндегі қауіпсіздік ережелері; қорытынды тестілеуді сәтті тапсырғаннан кейін қатысушылар жұмысқа рұқсат беретін куәлік алады.
Оқыту форматы
- топтық пікірталас және жаттығулар;
- case-study;
- brainstorming;
- интерактивті пікірталастар;
- шағын топтардағы жұмыс.
Толық сипаттамасы
Оқыту барысында қатысушылар технологиялық құжаттар мен қысымдағы жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын меңгереді. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қызмет көрсету кезіндегі қауіп көздері, қорғау тәсілдері, сондай-ақ жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты монтаждау, жөндеу, қайта жаңарту процесіндегі ақауларды жою қағидалары. Такелаждық және монтаждық құрылғыларды, жүк көтергіш механизмдерді, ілмектерді және т. б. жұмыста қалай қолдану қажеттілігі жайлы оқыту. Сұйытылған, ерітілген газ тәрізді субстанцияларды сақтауға және тасымалдауға арналған баллондардың құрылысы. Жабдықты баптау және реттеу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен әдістері және т.б.
- оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар/куәліктер беріледі;
- белгіленген бағаға: оқыту, үлестірме материал, кофе-брейктер (офлайн форматта) ұйымдастырылады;
- толық ақпаратты 8 (7172) 27-33-81 телефоны арқылы алуға болады.