Басты бетАлғашқы көмек көрсету

Алғашқы көмек көрсету

Күтілетін нәтижелер

Семинар барысында қатысушылар дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдерін, өндірісте алғашқы көмек көрсету кезінде қандай аспектілерді ескеру қажет екендігін, сонымен қатар осы бағыттағы басқа да мәселелерді меңгеретін болады.

Оқыту форматы

- топтық пікірталас және жаттығулар;
- case-study;
- brainstorming;
- интерактивті пікірталастар;
- шағын топтардағы жұмыс.

Толық сипаттамасы

Оқыту теориялық және практикалық бөлімдерді қамтиды. Қатысушылар өз бетінше  шешімдерді жылдам қабылдауды, алғашқы көмек көрсетуге қатысушылар арасындағы рөлдерді бөлуді, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді, мониторингті қамтамасыз етуді және жеке медициналық көмек қобдишасын пайдалана отырып, өмірлік маңызды функцияларды қолдай алу мүмкіндігін үйренеді.
- оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар/куәліктер беріледі;
- белгіленген бағаға: оқыту, үлестірме материал, кофе-брейктер (офлайн форматта) ұйымдастырылады;
- толық ақпаратты 8 (7172) 27-33-81 телефоны арқылы алуға болады.