Мақсатты аудитория
Жоғары және орта буын басшылары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, инженерлік-техникалық құрам және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты өзге де тұлғалар.
Күтілетін нәтижелер
Оқыту қорытындысы бойынша белгіленген үлгідегі сертификат және білімді тексеру хаттамасынан үзінді, кейін жұмыс орнында пайдалану үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесі бойынша дайын құрал беріледі; қатысушылар ұйымдағы қауіп-қатерді бағалау әдісін құруды және әр қызметкердің жұмыс орнында ең қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру үшін қажетті құжат айналымын құруды үйренеді; лауазымдық нұсқаулықтар мен құрылымдық бөлімшелердің ережелерін құрастыру және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шеңберіндегі өзара іс-қимылы бойынша практикалық дағдыларға ие болады; олар «жазатайым оқиға» тақырыбын зерттейді және ұйымға ең аз шығын келтіре отырып, оқиғаны қалай болдырмау керектігін қарастырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты ұйымдарда айыппұлдар мен өзге де күтпеген шығыстарды болдырмау үшін түзету/алдын алу іс-шараларын жүргізу нұсқаларымен танысады.
Толық сипаттамасы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау осы немесе басқа кәсіпорынның/ұйымның тіршілік әрекеті кезіндегі ажырамас және қолдаушы функцияның бірі болып табылады. Семинар барысында ҚР заңнамалық базасы шеңберінде талап етілетін іс-шаралардың орындалуын ескере отырып, әрбір қызметкердің жұмыс орнындағы жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар келтіріледі.
- оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар/куәліктер беріледі;
- белгіленген бағаға: оқыту, үлестірме материал, кофе-брейктер (офлайн форматта) ұйымдастырылады;
- толық ақпаратты 8 (7172) 27-33-81 телефоны арқылы алуға болады.