Жұмысты жаңа бастаған HR мамандарға арналған 3 кеңес Байқаған боларсыздар, біз HR мамандарға арналған оқыту іс-шараларын жиі ұйымдастырамыз. Соған орай, біздің сарапшы тренерлердің кадр қызметінің жаңа жұмысшыларына арналған бірнеше кеңесімен бөлісуді жөн көрдік.
- Бизнесті зерттеңіз
Компанияның мақсаттары мен қажеттіліктерін түсіну сізге HR саласындағы жұмысыңызды нақты сол мақсаттар мен қажеттіліктерге бейімдеуге көмектеседі.
- Еңбек заңнамасын толық меңгеріңіз
Заңнама негіздерін білу заңдық қиындықтарға бой алдырмауға жәрдем береді.
- HR саласындағы жаңалықтармен таныс болыңыз
Жұмысыңыз тиімді болуы үшін қызметкерлерді басқару саласындағы жаңа тенденциялар мен тәсілдерден хабардар болғаныңыз абзал.