Бүгін біздің орталықтың мамандары Қостанай облысының медициналық ұйымдарының қызметкерлері мен еңбек ұжымдарына тренингтер өткізді. МТАЖО президенті Қази Тілеубеков Орталықтың жұмысымен таныстырды. Ол ең маңызды жетістіктерді атап өтіп, корпоративтік білім беру бағдарламаларындағы трендтер туралы ақпаратпен бөлісіп, сондай-ақ МТАЖО орталығында медициналық персоналдың білім алу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.
«Біздің орталықтағы оқытудың бір бағыты денсаулық сақтау саласына арналған. Бұл бағытта тіркеу бөлімі, әкімшілер, медициналық ұйымдардың call орталықтарының қызметкерлеріне, жеке және кәсіби құзырларды дамыту бойынша басшылық пен дәрігерлерге, орта және кіші медициналық персоналға коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша практикалық семинар/тренингтер өткізіледі. Емханалар мен ауруханалар үшін эмоционалды күйзелістің алдын алу, оны басқару, науқастармен орын алатын дауларды басқару, менеджмент үшін уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және өзге де тақырыптар бойынша корпоративтік форматтағы оқулар ұйымдастырылады» - деп әңгімеледі МТАЖО президенті Қази Тілеубеков шара барысында.
Ең қызықты оқу шараларының бірін психологиялық ғылымдар докторы, медициналық ғылымдар кандидаты Лейла Асылбекова өткізді. Ол клиентке бағытталған сервис пен өнеркәсіптік психология туралы айтты.
Ал корпоративтік басқару мен эмоционалды интеллект туралы International Academy of Emotional Intelligence директоры, Erickson International кәсіби коучы Әсел Мұратова кеңінен таныстырып, тыңдаушыларға ақпарат берді.
Таныстыру мен оқыту шарасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы (ПІБ) Медициналық орталығының өңірдегі күндері аясында ұйымдастырылды.