Басты бетБіздің орталықтың тренерлері Қостанайда дәрігерлерге тегін шеберлік сағаттарын өткізеді

Біздің орталықтың тренерлері Қостанайда дәрігерлерге тегін шеберлік сағаттарын өткізеді

Біздің орталықтың тренерлері Қостанайда дәрігерлерге тегін шеберлік сағаттарын өткізеді Біздің орталықтың тренерлері Қостанайда дәрігерлерге тегін шеберлік сағаттарын өткізеді

23 тамызда біздің орталықтың мамандары Қостанай облысының медициналық ұйымдарының дәрігерлерінің алдында сөз сөйлейді.

Презентациялар мен оқу шаралары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы (ПІБ) Медициналық орталығының өңірдегі күндері аясында ұйымдастырылады.

Бұл Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облысы, сондай-ақ Шымкент қаласынан кейінгі алтыншы өңір.

МТАЖО президенті Қази Тілеубеков біздің орталықтың жұмысын таныстырса, оқу орталығының жетекшісі Сезім Шорина оқудың модульді тәсілдері туралы әңгімелейді.  

Алғашқы сабақтардың бірін психология ғылымдарының докторы, медициналық ғылымдар кандидаты Лейла Асылбекова өткізеді. Ол клиентке негізделген сервис пен өнеркәсіптік психологияның қыр-сыры туралы әңгімелейді.

Сондай-ақ, корпоративтік басқару және эмоционалды интеллект тақырыбында да дәрігерлерге арналған тренингтер өткізіледі.  Аталған тақырыпта МТАЖО шақырған тренер, International Academy of Emotional Intelligence директоры, Erickson International кәсіби коучы Әсел Мұратова сөз сойлейді.