ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) аға медбикелерге арналған 16 академиялық сағаттық оқыту өтті.
Лектор ретінде психология ғылымдарының докторы, KIMEP, Халықаралық академияның профессоры Лейла Асылбекова шақырылды. Оның 35 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.
Тыңдаушылар әлеуметтік-психологиялық құзыреттіліктерді, қарым-қатынас дағдыларын зерделеді. Жанжалдарды шешу әдістерін, эмоцияларды басқару және басқа медициналық қызметкерлермен әрі пациенттермен қарым-қатынасты тиімді құру тәсілдерін игерді.