Іс Басқармасының әртүрлі ведомстволық қарасты ұйымдарының топ-менеджерлері мен HR бөлімінің қызметкерлері ҚР ПІБ МО «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ (МТАЖО) оқудан өтті.
Тренинг 2023 жылы Еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға арналды.
Оқытуға қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп, аталған тақырып бойынша сұрақтар қойып, маңызды мәліметтерді талқылады.
Осындай оқытулар МТАЖО-да үзіліссіз өткізіліп тұратынын естеріңізге сала кетейік. Орталықтың тренингтерінде IT-мамандар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, киберқауіпсіздік саласындағы мамандар, заңгерлер және басқа да қызметкерлер өз дағдылары мен білімдерін тереңдете алады.