ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында ПІБ жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқыту өтті.
Қатысушылар нысандарға террористік шабуылдар тактикасын және оларға қарсы шараларды, үй-жайларды тексеру техникасын, жарылғыш құрылғыларды салу орындарын анықтауды, массшутингті (жаппай ату) және оған қарсы шараларды, сондай-ақ террористік акт қаупі төнген кезде эвакуациялау ерекшеліктерін талқылады.
Оқытудың тағы бір қызықты сәті «профайлинг» негіздері (сыртқы және психологиялық белгілерге қарап, заңсыз әрекеттерге ықтимал қатысы бар адамдарды анықтау), жасырын қару алып жүрудің негізгі белгілері болды.
Оқытудың маңызды бөлігі конфликтология курсы болды, оның барысында тұлғааралық қақтығысты басқаруға баса назар аударылды, эмоционалды жанжалдың өзара әрекеттесу жағдайындағы мінез-құлық ерекшеліктері, стратегиялары мен әдістері зерттелді.
Сондай-ақ, тыңдаушылар қауіпсіздік қызметі мен жеке күзет ұйымы субъектілерінің рөлі, орны мен маңызы туралы ақпарат бере отырып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасын егжей-тегжейлі зерделеді.