Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы Орталық клиникалық аурухананың медициналық қызметкерлеріне арналған оқыту өткізді.
Семинар туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және алдын алу тақырыбында өтті. Дәрісті Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры Анар Ракишева оқыды.
Айта кету керек, МТАЖО-да оқытудың жеке блогы денсаулық сақтау бағытында әзірленді, онда басшылық пен дәрігерлер үшін жеке және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бойынша, орта және кіші персонал үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша, тіркеуші қызметкерлер және медициналық мекемелердің call-орталықтары үшін практикалық семинарлар/тренингтер өзекті болып табылады. Емханалар мен ауруханалар үшін корпоративтік форматта эмоционалды шаршаудың алдын алу, стрессті басқару, пациенттермен қақтығыстарды басқару, менеджмент, уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және т.б. бойынша оқытулар жүргізіледі.