2023 жылғы 24-25 мамыр аралығында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) мамандары Атырау облысының медициналық ұйымдары дәрігерлерімен кездесті.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы (ПІБ) Медициналық орталығының өңірдегі күндері аясында презентациялар мен оқытулар ұйымдастырылды. Бұл Ақтөбе, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан кейінгі бесінші өңір.
Дәрігерлер үшін корпоративтік басқару тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренингті МТАЖО шақырылған тренер, International Academy of Emotional Intelligence директоры, Erickson International кәсіби коуч Муратова Асель жүргізді. Сарапшы қатысушылармен медициналық ұйымдарды басқарудың пәрменді әдістемелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, МТАЖО Кадрларды кәсіби оқыту және біліктілігін арттыру орталығы басшысының орынбасары Майра Бакенова тыңдаушыларға қызметкерлерді оқыту мен дамытудағы трендтер мен заманауи тәсілдері туралы айтты.
«Біздің орталық 10 жылдан астам уақыт бойы білім беру қызметін жүзеге асырып келеді және Президент Іс Басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдар қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамытуға және жетілдіруге бағытталған HR-консалтинг қызметтерін көрсетеді. Орталықтың портфелінде онлайн/офлайн форматта жеке және іскерлік құзыреттілікті арттыруға бағытталған 70-тен астам білім беру шешімдері бар», – деп Орталықтың өзі және дәрігерлерді оқыту мүмкіндіктері туралы МТАЖО президенті Кази Тилеубеков атап өтті.
Тренингтер мен семинарлар әкімшілік-басқару персоналын, инженерлік-техникалық қызметкерлерді, HR және IT-мамандарды, медицина қызметкерлерін дамытуға бағытталған.
Әкімшілік-басқару персоналы үшін жыл сайын мемлекеттік сатып алу, қаржы және экономика, еңбек заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, заң құқығы, ішкі бақылау және HR салаларын қамтитын семинарлар/тренингтер өткізіледі.
Сонымен қатар Орталық заман талабына сай «икемді» дағдыларды (soft skills) игеруге бағытталған тренингтер өткізеді.
«Оқытудың жеке блогы денсаулық сақтау бағытында әзірленді, онда басшылық пен дәрігерлер үшін жеке және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бойынша, орта және кіші персонал үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша, тіркеуші қызметкерлер және медициналық мекемелердің call-орталықтары үшін практикалық семинарлар/тренингтер өзекті болып табылады. Емханалар мен ауруханалар үшін корпоративтік форматта эмоционалды шаршаудың алдын алу, стрессті басқару, пациенттермен қақтығыстарды басқару, менеджмент, уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және т.б. бойынша оқытулар жүргізіледі»,- деді презентация барысында Кази Тилеубеков.
Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына сарапшылардан жауап алып, орталықта оқу мүмкіндігін талқылады.
Мұндай іс-шаралардың жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетінін атап өткен жөн.
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы
Сайт: cmtis.kz
Телефон: +7 (7172) 27-33-81