Басты бетМТАЖО қызметкерлері тұрмысы төмен екі отбасына көмек көрсетті

МТАЖО қызметкерлері тұрмысы төмен екі отбасына көмек көрсетті

МТАЖО қызметкерлері тұрмысы төмен екі отбасына көмек көрсетті

ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының ұжымы жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға қолдау көрсетеді. Жақында қызметкерлер Астанада тұратын екі отбасы үшін азық-түлік себеттерін өз қаражатынан сатып алды.

Екінші рет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған төрт немересін тәрбиелеп отырған әжеге көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, қызметкерлер үш баланың жалғызбасты анасына барды, баланың бірі – церебральды сал ауруы бар қыз.

Орталық қызметкерлері үшін мұндай акциялар – жұмыс күндерін жағымды эмоциялармен нұрландыратын жақсы дәстүр. Өткен жылы бес отбасы көмекпен қамтылған болатын.