Басты бетМТАЖО өткізетін іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытуларға қатысуға болады

МТАЖО өткізетін іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытуларға қатысуға болады

МТАЖО өткізетін іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытуларға қатысуға болады МТАЖО өткізетін іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытуларға қатысуға болады МТАЖО өткізетін іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытуларға қатысуға болады МТАЖО өткізетін іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытуларға қатысуға болады МТАЖО өткізетін іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытуларға қатысуға болады

2022 жылы бірінші сынып оқушыларының 70 %-дан астамы қазақ мектептеріне барғанын білдіңіз бе? Болашақ 100 % мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінде. Тілді кәсіби білетін адамдарға сұраныс арта түсуде.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) іскерлік хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу бойынша оқытулар үнемі өткізіліп тұрады. Сіздерді қатысуға шақырамыз, ал әзірше қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған төрт тегін ресурстармен бөлісеміз.

Soyle.kz

Қазақ тілін үйренуге арналған ірі жобалардың бірі. Портал алты бөлімнен тұрады, ал оқу курсының өзі 6 деңгейге бөлінген. Олардың әрқайсысы 10 сабақтан тұрады. Курс смартфонға арналған мобильді қосымша ретінде қол жетімді.

Tilqural.kz

Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған веб-платформа және мобильді қосымшалар. Платформа үшін контентті қазақстандық филологтар мен лингвистердің күшімен жасалған, ал оқыту геймификация элементтері бар интерактивті жаттығуларды қамтиды.

Kaz-tili.kz

«Қазақ тілі. Күрделі нәрселер туралы қарапайым тілмен» порталын балаларына сабақтары бойынша үй-жұмысын орындауға көмектесу үшін тілді үйренген алматылық Татьяна Валяева жүргізеді. Нәтижесінде авторлық әдістеме қазақ тілін үйренуге арналған толыққанды сайтқа айналды, онда қазақ тіліндегі жаттығулар, сабақтар, кітаптар, сөздік, мәтін және т.б. бар.

Kitap.kz

Кітап арқылы тіл үйрену – оқудың ең тиімді әдістерінің бірі. Сайт кітапханасында 500 автордың 5 мыңнан астам кітабы бар. Мұнда қазақ тіліне аударылған әлемдік авторлардың үздік оқулықтары мен кітаптары, сондай-ақ қазіргі қазақстандық ақындар мен жазушылардың шығармалары жинақталған. Барлығы авторлық құқықты сақтай отырып жасалған.