Өткен жылы Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) 1500-ге жуық медицина қызметкерлері білім алды.
Медицина бағытында 46 семинар ұйымдастырылды. Тыңдаушылардың 756-сы кәсіби дағдыларын, ал 714-і икемді дағдыларын (soft skills) дамытты.
Оқытудың жекеленген блогы денсаулық сақтау бағыты бойынша әзірленді, онда басшылық пен дәрігерлер үшін жеке және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бойынша, орта және кіші персонал үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша, тіркеуші қызметкерлер, медициналық мекемелердің call-орталықтары үшін практикалық семинарлар/тренингтер өзекті болып табылады.
Емханалар мен ауруханалар үшін корпоративтік форматта эмоционалды шаршаудың алдын алу, стрессті басқару, пациенттермен қақтығыстарды басқару, менеджмент, уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және т.б. бойынша оқыту жүргізіледі.