Басты бетШығыс Қазақстан өңірінің дәрігерлеріне білім берудің жаңа трендтері мен мүмкіндіктері туралы тың...

Шығыс Қазақстан өңірінің дәрігерлеріне білім берудің жаңа трендтері мен мүмкіндіктері туралы тың ақпараттар жеткізілді

Шығыс Қазақстан өңірінің дәрігерлеріне білім берудің жаңа трендтері мен мүмкіндіктері туралы тың ақпараттар жеткізілді Шығыс Қазақстан өңірінің дәрігерлеріне білім берудің жаңа трендтері мен мүмкіндіктері туралы тың ақпараттар жеткізілді Шығыс Қазақстан өңірінің дәрігерлеріне білім берудің жаңа трендтері мен мүмкіндіктері туралы тың ақпараттар жеткізілді

19 сәуірде «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ мамандары Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының (ПІБ) күндеріне қатысты. Бұл Ақтөбе және Ақмола облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан кейінгі төртінші өңір.

«МТАЖО» АҚ сарапшылары өңірдегі медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің алдында сөз сөйледі.

«Біздің орталық 10 жылдан астам уақыт бойы білім беру қызметін жүзеге асырып келеді және Президент Іс басқармасы жүйесінің ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамытуға және жетілдіруге бағытталған HR-консалтинг бойынша қызметтер көрсетуде. Орталықтың портфелінде онлайн/офлайн форматта жеке және іскерлік құзыреттілікті арттыруға бағытталған 70-тен астам білім беру шешімдері бар», – деді презентация барысында «МТАЖО» АҚ президенті Қази Өтенұлы. 

Тренингтер мен семинарлар әкімшілік-басқару персоналын, инженерлік-техникалық қызметкерлерді, HR- және IT-мамандарды, медицина қызметкерлерін дамытуға бағытталған.

Әкімшілік-басқару персоналы үшін жыл сайын мемлекеттік сатып алу, қаржы және экономика, еңбек заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, заң құқығы, ішкі бақылау және HR салаларын қамтитын семинарлар/тренингтер өткізіледі.

Қазіргі заманғы кәсіби қызмет тек жоғары мамандандырылған білімді ғана емес, сонымен қатар «икемді» дағдыларды (soft skills) – қасиеттерді игеруді талап етеді. Орталық осы бағытта да тренингтер өткізеді.

«Оқытудың жекеленген блогы денсаулық сақтау бағыты бойынша әзірленді, онда басшылық пен дәрігерлер үшін жеке және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бойынша, орта және кіші персонал үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша, тіркеуші қызметкерлер, әкімшілер, медициналық мекемелердің call-орталықтары үшін практикалық семинарлар/тренингтер өзекті болып табылады. Емханалар мен ауруханалар үшін корпоративтік форматта эмоционалды шаршаудың алдын алу, стрессті басқару, пациенттермен арада орын алатын кикілжіңдерді басқару, менеджмент, уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және т.б. бойынша оқыту жүргізіледі»,- деп қосты Кази Тилеубеков.

Іс-шараға қатысушылар сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталықта оқу мүмкіндігін талқылады.

Мұндай іс-шаралардың жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетінін атап өткен жөн.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы

Сайт: cmtis.kz

Телефон: +7 (7172) 27-33-81