ҚР ПІБ МО "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының" тренинг тыңдаушыларын оқытулар үшін уақыт бөлу мәселесі жиі мазалайды. Біз сіздермен бірнеше кеңестермен бөлісеміз.
Уақыт - шектеулі ресурс. Қалай болғанда да, сіз күнді созып, жаңа іс-әрекеттерді жинақтай алмайсыз. Оқуға бірнеше сағат уақыт табу үшін: бұрын мән бермеген минуттарды тауып, маңыздылығы аз істерге бөлінген уақытты пайдаланыңыз.
Келесі жағдайларда оқуға уақыт бөлуге болады:
- кезек күтіп отырған жағдайда — ауруханада, мемлекеттік мекемеде, банктердегі кезектерде және балаларыңыз қатысатын өнер мектебінде;
- қалада жолды қадағалауды қажет етпейтін кез келген қозғалыстар уақытында (метрода, автобустарда, таксиде).
Тіпті бес минуттық үзілістің өзінде оқу үшін пайдалы іс табуға мүмкіндік бар, мысалы конспектілерді немесе бейне-ролик қарауға, қысқа жаттығу тестін орындасаңыз болады.
Оқуға уақыт бөлу үшін келесілерден бас тартуға болады:
- әлеуметтік желі лентасын парақтау және чаттарда сөйлесу;
- фильмдер мен телешоуларды қарау;
- жанға арналған көркем кітаптарды оқу;
- тамақ дайындау және басқа да үй шаруалары – жақын адамдарыңыз көмектесуі мүмкін (тамақты тіпті сатып алуға болады);
- демалыс күндері уақытты босқа өткізу;
- достармен кездесу.
Қандай іс-шараларға уақыт бөлінуі тиіс:
- Ұйқы
- Жұмыс
- Спорт
- Өз-өзіне күтім жасау
- Жақындармен уақыт өткізу