Басты бетІС БАСҚАРМАСЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 33 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

ІС БАСҚАРМАСЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 33 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

ІС БАСҚАРМАСЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 33 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ІС БАСҚАРМАСЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 33 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ІС БАСҚАРМАСЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 33 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ІС БАСҚАРМАСЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 33 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ІС БАСҚАРМАСЫ ЖҮЙЕСІНЕ – 33 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Әріптестеріне айтары бар, үйрететін машығы жеткілікті жаттықтырушы болу үшін өз салаңды терең білу аздық етеді. Ол үшін сауатты бағдарлама құру, аудиторияны аузыңа қарата білу, тыңдаушының сұрағына дұрыс жауап беріп, сенімсіздіктерін сейілту сияқты түрлі қасиеттер қажет. Соның бәрін Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің 33 қызметкері меңгеріп жатыр. 33 маман ПІБ орталық аппаратынан және 22 ведомстволық қарасты ұйымнан іріктеліп алынған. Болашақта олар орталықтың ішкі лекторы болып шығады. Бұл жоба былтыр қазан айында басталған-ды. Ішкі лекторлар «Жаттықтырушыларға арналған тренинг» тақырыбында алғашқы тренингтен өтті. Оны белгілі жаттықтырушы, PR-маман және коммуникация бойынша сарапшы Ақерке Берлібай жүргізді.

Қатысушылар жаттықтырушының рөлі мен функциясын, өзін-өзі таныстыру құралдарын, жаттықтырушылық қызметтегі проблемалық тұстарын, аудиторияға әсер етудің ауызша және вербалды емес тәсілдерін, дауысты құбылтудың техникалық әдістерін және басқаларын зерттеді.

Алдағы іс-шараларда тыңдаушылар өздерінің тренингтерінің әдіснамасы мен жоспарын құруды үйренеді.

Бұл бастама Іс Басқармасы жүйесінде білім мен құзыреттілікті кәсіби деңгейде тарататын маман даярлау үшін қолға алғанын айта кетейік.