Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының бортсеріктеріне арналған сервис және қонақжайлылық бойынша тренинг өтті.
Тыңдаушылар стресстік жағдайлардағы іс-шаралар, клиентке бағдарланған қызмет, ұшақтардағы қызмет көрсету сыныптары, мәзір түрлері, тағамдар мен сусындарға қызмет көрсету ережелері, қызмет көрсету, этикет ережелері және т.б. туралы білімдерін тереңдетті.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тыңдаушылар үшін зияткерлік ойын өткізді.
Тренингке қатысушылар өткен оқу туралы жылы лебіздерін білдірді, сондай-ақ білімдерін тұрақты жаңарту – бұл кәсіпқойлыққа апаратын сенімді жол екенін атап өтті.