МТАЖО тыңдаушылары үнемі қарқынды оқытулардан өтеді. Тренингтер мен семинарлар кезінде олар үнемі өте қажет және пайдалы ақпаратты тыңдайды.
Мұның бәрін қалай есте сақтауға болады? Жауап қарапайым, мектеп кезіндегідей - конспектілеу.
Конспектілеудің бірнеше әдістерімен бөлісеміз.
Билл Гейтс әдісі
Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс парақты төрт тең бөлікке бөледі және тіктөртбұрыштардың әрқайсысын белгілі бір ақпаратқа арнайды.
Мысал ретінде сіз оны келесідей бөле аласыз:
- негізгі ойлар;
- жазбалар және маңызды мәліметтер;
- мысалдар;
- әңгіме барысында туындайтын сұрақтар.
Бокстар әдісі
Әрбір негізгі ой немесе тұжырымдама туралы ақпаратты «бокстарға» (жәшіктерге) салыңыз. Барлығын біртұтас кесте ретінде қабылдамау және ұғымдарды бір-біріне біріктірмеу үшін оларды парақ бетінде ретсіз түрде орналастырыңыз. Осы «бокстарды» көргенде, сіз дәрістің немесе жиналыстың барлық маңызды идеяларын бірден көресіз.
Ағын әдісі
Бұл жазу әдісін бағдарламашы және кәсіпкер Скотт Янг ұсынды. Ол оқытушының сөздерін емес, өз ойларын жазуға кеңес береді. Тек осылай ғана, Скоттың пікірінше, бір нәрсені шынымен үйренуге болады.
Дәрістің негізгі тұстарын ғана жазыңыз. Ал қалған жағдайларда ойлар ағынына толық еркіндік беріңіз: идеяларыңызды, сұрақтарыңызды, пікірлеріңізді және қорытындыларыңызды жазыңыз.