Басты бетМТАЖО Ақтөбеде корпоративтік оқыту трендтерін ұсынды

МТАЖО Ақтөбеде корпоративтік оқыту трендтерін ұсынды

МТАЖО Ақтөбеде корпоративтік оқыту трендтерін ұсынды

19-20 қаңтар аралығында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары Ақтөбе облысындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндеріне қатысты.

Орталық сарапшылары компанияның қызметі туралы айтып, ең маңызды жетістіктерімен таныстырды, сондай-ақ корпоративтік білім беру бағдарламаларындағы трендтер туралы ақпаратпен бөлісті.

Орталық 10 жылдан астам уақыт бойы білім беру қызметін жүзеге асыруда және Президент Іс басқармасы жүйесінің ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамытуға және жетілдіруге бағытталған HR-консалтинг бойынша қызметтер көрсететінін атап өткен жөн.

Орталықтың портфелінде онлайн/офлайн форматта жеке және іскерлік құзыреттерді арттыруға бағытталған 70-тен астам білім беру шешімдері бар.

Оқытудың жекеленген блогы денсаулық сақтау бағыты бойынша әзірленді, онда басшылық пен дәрігерлер үшін жеке және кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бойынша, орта және кіші персонал үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша, тіркеуші қызметкерлер, әкімшілер, медициналық мекемелердің call-орталықтары үшін практикалық семинарлар/тренингтер өзекті болып табылады.

Емханалар мен ауруханалар үшін корпоративтік форматта эмоционалды күйудің алдын алу, стрессті басқару, пациенттермен қақтығыстарды басқару, менеджмент, уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және т.б. бойынша оқыту жүргізіледі. 

Сондай-ақ тренингтер мен семинарлар әкімшілік-басқару персоналын (мемлекеттік сатып алу, қаржы, экономика, еңбек заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, заң құқығы, ішкі бақылау, HR салаларын қамтитын), инженерлік-техникалық қызметкерлерді, IT-мамандарды және т. б. дамытуға бағытталған.

Қазіргі заманғы кәсіби қызмет жоғары мамандандырылған білімді ғана емес, сонымен қатар «икемді» дағдыларды (soft skills) игеруді талап етеді –Орталық осы бағытта да тренингтер өткізеді.

Іс-шараға қатысушылар сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Орталықта оқу мүмкіндігін талқылады.

Мұндай іс-шаралар Медициналық орталықты дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында еліміздің барлық өңірлері бойынша жыл бойы өткізілетінін атап өткен жөн.