Басты бетМТАЖО-да ҚР ПІБ ұйымдарының топ-менеджерлеріне арналған тренинг өткізілді

МТАЖО-да ҚР ПІБ ұйымдарының топ-менеджерлеріне арналған тренинг өткізілді

МТАЖО-да ҚР ПІБ ұйымдарының топ-менеджерлеріне арналған тренинг өткізілді

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) ұйымдастыруымен ҚР ПІБ ұйымдарының топ-менеджерлеріне арналған тренинг өтті.

Интенсив тренинг кәсіпорындарды цифрландыру тақырыбына арналып, екі күнді қамтыды.

Оқытуды кәсіпорындарды ұйымдастырушылық және технологиялық дамыту, сондай-ақ мемлекеттік даму бағдарламаларын әзірлеу саласында 14 жылдан астам тәжірибесі бар бизнес-жаттықтырушы Олег Мецик жүргізді.

Тренинг барысында қатысушылар цифрлық шешімдер мен құралдарды, оларды енгізудегі негізгі мәселелер мен қиындықтарды, кәсіпорындардың цифрлық архитектурасы мен бизнес-процестерін және т.б. зерттеді.

«Кәсіпорынды цифрландырудың өзектілігі нарықтағы тез өзгеретін жұмыс жағдайларына және тұтынушылардың талаптарының өсуіне бейімделу қажеттілігінен туындайды. Цифрлық технологиялар бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға, шығындарды оңтайландыруға, өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға, талдау мен шешім қабылдау үшін жаңа деректер алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, цифрландыру клиенттермен және қызметкерлермен қарым-қатынасты жақсартуға, кәсіпорынның икемділігін арттыруға және қоршаған ортаның өзгеруіне тез жауап беру мүмкіндігіне ықпал етеді. Жалпы цифрландыру кәсіпорынның клиенттер үшін де, қызметкерлер үшін де заманауи және ыңғайлы болуы үшін қажеттілікке айналуда», - деп атап өтті жаттықтырушы.