Басты бетМедициналық қызметкерлер үшін «Эндокриндік аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлар» тақырыбында оқыту ө...

Медициналық қызметкерлер үшін «Эндокриндік аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлар» тақырыбында оқыту өткізілді

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы бөлім меңгерушілері мен түрлі бейіндегі дәрігерлерге «Эндокриндік аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлар» тақырыбында оқыту өткізді.

Дәріскер ретінде медицина ғылымдарының кандидаты,жоғары біліктілік санатты эндокринолог-дәрігер, «Астана медицина университеті» КЕАҚ №4 ішкі аурулар кафедрасының доценті, «Қазақстан эндокринологтары қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан эндокринологтары дәрігерлер қауымдастығының мүшесі  Жаннат Сатыбайқызы Таубалдиева шақырылды. 

Оқыту шеңберінде қатысушылар диабетологиядағы шұғыл жағдайлармен, сондай-ақ этиологиямен, патогенезбен, клиникалық және зертханалық диагностикамен және әртүрлі аурулардың емделу жолымен танысты.