Басты бет«Ұйымдардың бренд-амбассадорлары» тақырыбында оқыту өтті

«Ұйымдардың бренд-амбассадорлары» тақырыбында оқыту өтті

«Ұйымдардың бренд-амбассадорлары» тақырыбында оқыту өтті

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің PR-мамандары үшін арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. 
«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ Оқу орталығының ұйымдастырған «Ұйымдардың бренд-амбассадорлары» тақырыбындағы оқыту іс-шарасына ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарының баспасөз хатшылары, SMM мамандары қатысты.
Семинар барысында копирайтинг, PR және коммуникация мамандары дұрыс контент-жоспар жазу, визуалды контентті рәсімдеу, аудиториямен жұмыс істеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, SMM-дегі соңғы трендтерді талқылады. Кері байланыс дағдыларын дамыту мақсатында семинарды өткізу үшін PR және коммуникациялар бойынша сарапшы, халықаралық коуч және медиа-тренер Берлібай Ақерке арнайы шақырылды. 
  Сондай-ақ, семинар-тренингке қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оларды кеңінен талқылауға мүмкіндік алды.