Басты бет«Жарақат. Ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсету және тактика (жедел жәрдем). PHTLS курсы. Науқ...

«Жарақат. Ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсету және тактика (жедел жәрдем). PHTLS курсы. Науқасты тасымалдау ерекшеліктері» тақырыбында оқыту өткізілді

«Жарақат. Ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсету және тактика (жедел жәрдем). PHTLS курсы. Науқасты тасымалдау ерекшеліктері» тақырыбында оқыту өткізілді

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бөлім меңгерушілеріне, әртүрлі бейіндегі дәрігерлерге және орта медициналық персоналға арналған «Жарақат. Ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсету және тактика (жедел жәрдем). PHTLS курсы. Науқасты тасымалдау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша екі күндік оқыту жүргізді.

Дәріскер ретінде  20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары санатты травматолог-ортопед Солод Алексей Евгеньевич шақырылды.

Ал практикалық бөлімге Израиль жедел жәрдем қызметі  және американдық жүрек қауымдастығы  бойынша сертификатталған жаттықтырушы-нұсқаушы, «ҰШМҮО» ШЖҚ РМК  BLS, ACLS, PALS, PHTLS, BIG бойынша оқыту орталығының нұсқаушысы, медициналық авиация бригадасының жоғары санатты дәрігері, 15 жылдан астам тәжірибесі бар Сартаев Борис Валерьевич шақырылды.

Оқыту нәтижесінде тыңдаушлыр травматизмнің негізгі түсініктері, жарақат түрлері және жарақаттардың, сынықтар мен жаралардың жіктелуі бойынша білімдерін толықтырды. Ауруханаға дейінгі кезеңде жарақаттар кезінде көмек көрсету бағдарламасы  бойынша оқытылды. Заманауи нұсқаулар негізінде әртүрлі жол-көлік оқиғалары кезінде науқастарға жедел медициналық көмек көрсету алгоритмдерін талдады. Лектор халықаралық тәжірибиесімен бөлісті және бірқатар практикалық құтқару әдістерін жүргізді.