Дәріскер ретінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, «PROFESSIONAL» үздіксіз білім беру институтының Анестезиология және реаниматология және шұғыл медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі, ҚДСЖМ хирургиялық аурулар кафедрасының доценті, BLS, ACLS, PALS, PHTLS халықаралық хаттамалары бойынша шұғыл медициналық көмек бойынша сертификаттарының иегері, халықаралық және республикалық басылымдарда 200-ден астам баспа жұмыстарының авторы Исмаилов Еркинбек Лесбекович шақырылды.
Семинар бағдарламасы білім алушыларда шок анықталған кезде дәлелді медицина қағидаттарына негізделген білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған. Семинар барысында гиповолемиялық шок, кардиогенді шок, геморрагиялық шок, анафилактикалық шок және травматикалық шок мәселелері ашылды, сондай-ақ клиникалық жағдайларды талдау жүргізілді.
Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасының диагностикасы мен емдеудің халықаралық клиникалық ұсынымдары мен клиникалық хаттамаларында көрсетілген диагностикалық тәсілдердің заманауи алгоритмдерін игерді.