Басты бет«Командадағы тиімді коммуникация» тақырыбында оқыту өткізілді

«Командадағы тиімді коммуникация» тақырыбында оқыту өткізілді

«Командадағы тиімді коммуникация» тақырыбында оқыту өткізілді

11 және 14 қазан аралығында «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ Оқу орталығымен «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы», ҚР ПІБ МО «Қарлығаш балабақшасы» РМК, «ЛОК «Оқ-Жетпес» АҚ басшысының орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері, құрылымдық бөлімше бастықтары, кадр қызметінің қызметкерлері, әртүрлі профильді дәрігерлер үшін «Командадағы тиімді коммуникация» тақырыбында оқыту өткізілді.

Дәріскер ретінде еңбек құқығы және кадрлық іс жүргізу саласында үлкен тәжірибесі бар маман, қазіргі уақытта «МТАЖО» АҚ бірыңғай кадр қызметінің басшысы Гүлнұр Қызырбекқызы Бөкенова шақырылды. Басқарушылық қызмет саласында еңбек өтілі 15 жыл.  

Семинар бағдарламасы білім алушылардың ұйымдағы коммуникация түрлері мен деңгейлері туралы білімдерін, тиімді коммуникация модельдерін, дауысты басқару мен сендіру дағдыларын, жұмыс алгоритмі мен командадағы қызметкерлердің рөлін, команданы қалыптастыру мен дамытудың қателіктері мен шарттарын қалыптастыруға арналған.

Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар өз білімдерін толықтырып, бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерде коммуникация және командаларды басқару дағдыларын игерді. Коммуникативтік құзыреттілікті арттырды, командада өзара іс-қимыл дағдыларын жақсартты.