Дәріскер ретінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар сертификатталған бизнес-жаттықтырушы, коуч, фасилитатор, Mandarin Pictures кинокомпаниясының тең иесі және коммерциялық директоры Амалбеков Алмаз Бахитұлы шақырылды.
Семинар бағдарламасы білім алушылардың іскерлік хат алмасу түрлері, электрондық поштаны пайдалану ережелері, іскерлік хат алмасу ережелері, оңай және түсінікті жазу тәсілдері, Минто пирамидасы қағидаты, коммуникация және хат құрастыру ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыруға арналған.
Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар ресми және жеке іскерлік хаттарды жазу ережелерінің дағдыларын жетілдірді, іскерлік хат алмасу кезінде жиі кездесетін қателіктерді, хаттарда клиенттер/серіктестер алдында компанияның оң имиджін қалыптастыру дағдыларын талдады.
Практикалық тапсырмалар да орындалды.