Басты бет«Кәсіпорынның кадрлық резерві: қалыптастыру және дамыту» тақырыбында семинар өткізілді

«Кәсіпорынның кадрлық резерві: қалыптастыру және дамыту» тақырыбында семинар өткізілді

«Кәсіпорынның кадрлық резерві: қалыптастыру және дамыту» тақырыбында семинар өткізілді «Кәсіпорынның кадрлық резерві: қалыптастыру және дамыту» тақырыбында семинар өткізілді

2022 жылғы 11-18 қарашада «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ Oқу орталығымен «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК, ҚР ПІБ МО «Қарлығаш балабақшасы» РМК, «Оқ-Жетпес» ЕСК АҚ басшысының орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері, құрылымдық бөлімше бастықтары, кадр қызметінің қызметкерлеріне «Кәсіпорынның кадрлық резерві: қалыптастыру және дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.

Дәріскерлер ретінде басқарушылық қызмет саласында еңбек өтілі 15 жылдан кем емес, еңбек құқығы және кадрлық іс жүргізу саласында үлкен тәжірибесі бар маман, қазіргі уақытта «МТАЖО» АҚ бірыңғай кадр қызметінің басшысы Гүлнұр Қызырбекқызы Бөкенова және Бірыңғай кадр қызметінің бас менеджері Нурмагамбетова Нуржамал Амантаевна шақырылды..

Семинар бағдарламасы жоғары/орта буын басшыларының, кадр қызметі қызметкерлерінің басқару құзыреттерін арттыруға, жетекші лауазымдарда негізгі қызметкерлерді басқару (анықтау, ұстап қалу) дағдыларын дамытуға, оларды жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыруға бағытталған.

Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар кадр резервін қалыптастыру қағидаттары мен үдерісімен, таланттарды басқару стратегияларымен, талантты қызметкерлерді анықтау құзыреттілігін, сондай-ақ кадр резервін қалыптастыру мен дамытудағы типтік қателіктерді, негізгі қызметкерлер арасында кадрлар айналымын азайту және қызметкерлердің тиімділігін арттыру әдістерін қарастырды.