Фишинг — кибералаяқтықтың ең кең таралған түрлерінің бірі. Алаяқтар бұл ретте сізден құпия мәліметтеріңізді (пароль, банк картасының нөмірі немесе аккаунттардың құпия сөздері) біліп алуға әрекет етеді.
Фишингті тани білу — Сіздің жеке ақпаратыңыздықорғауыңыздың маңызды жолы.
Фишингті қалай тануға болады?
1. Хабарлама жіберушіден келген күмәнді сілтемелер мен мекенжайлар
• Хат банктен немесе танымал сервистен келген секілді көрінеді, бірақ жіберушінің мекен-жайы сәл басқаша жазылады (мысалы, support@bank.kz орнынаsup.port@b4nk.kz).
• Сілтемеге өтпес бұрын оны тексеріп көріңіз: тінтуірді сілтемеге апарсаңыз, оның шынайы мекенжайы көрінеді
2. Жедел және үрей шақыратын хабарламалар
• «Сіздің аккаунтыңыз бұғатталды! Жылдам сілтеме бойынша өтіңіз!»
• Алаяқтар адамның қорқынышын туғызып, жылдам әрекет етуге мәжбүрлейді.
3. Орфографиялық қателер және нашар дизайн
• Фишерлердің хатында әдетте қателер, бір түрлі шрифт және жалпы шашыраңқы дизайн кездеседі.
4. Тым жақсы ұсыныстар
• «Сіз миллион ұтып алдыңыз! Тек өз мәліметтеріңізді енгізсеңіз болды». Егер ұсыныс тым керемет болып көрінсе, бұл шындық емес, жалған болуы әбден мүмкін.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
✅ Күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз.
Үнемі сайт мекенжайын тексеріңіз. Мысалы, bank.kz орнына b4nk.kz болуы мүмкін.
✅ Таныс емес сайттарда өз мәліметтеріңізді жазбаңыз.
Нағыз компаниялар ешқашан хатта құпиясөзіңізді немесе карта мәліметтерін сұрамайды.
✅ Екі факторлы аутентификация жүйесін қосыңыз.
Бұл сіздің аккаунттарды қорғаудың қосымша деңгейі.
✅ Антивирус қолданыңыз және қондырғыны жаңартып отырыңыз.
Заманауи бағдарламалар фишинг сайттарын бұғаттай алады.
✅ Мұқият болыңыз.
Егер хат немесе хабарлама күмән тудырса, компанияға тікелей хабарласыңыз.