Мақсатты аудитория
Өрт қауіпсіздігіне жауапты, сондай-ақ жоғары өрт қаупі бар жұмыстарды орындаумен айналысатын ұйым бөлімшелерінің қызметкерлері (электриктер, дәнекерлеушілер, қойма шаруашылығының қызметкерлері, құрылысшылар, еңбек қауіпсіздігі бойынша қосымша талаптар қойылатын басқа кәсіптердің қызметкерлері).
Күтілетін нәтижелер
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР-дағы өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді, өрт қауіптілігін талдауды, өрттердің адам ағзасына әсерін, өрт кезіндегі іс-қимылдар алгоритмін, өрт кезіндегі эвакуация жағдайында кәсіпорын қызметкерлерінің жиі жіберетін қателіктерін, хабарлау және байланыс жүйелерін, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс таңдауды және пайдалануды, алғашқы өрт сөндіру құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктерін, өрт сөндіру құралдарын, өртке қарсы нұсқамалардың түрлерін, оларды жүргізу тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін ұстау тәртібін меңгереді. Және белгіленген үлгідегі куәлік алады, ол қорытынды тестті сәтті тапсыру нәтижелері бойынша беріледі.
Оқыту форматы
- топтық пікірталас және жаттығулар;
- case-study;
- brainstorming;
- интерактивті пікірталастар;
- шағын топтардағы жұмыс.
Толық сипаттамасы
Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту өрттердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ғана емес, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс жайлы білімдерді де қамтиды. Оқыту барысында өрттің пайда болуының ықтимал көздеріне, сондай-ақ өрт басталған үй-жайдың көлемі негізіндегі жануды шектеу тәсілдеріне және өртке қарсы режимге қатысты мәселелер қарастырылады. Бұдан басқа, кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту өрт және жарылыс қауіптілігі бар материалдарды қоймалау, сақтау қағидаларын зерделеуді қамтиды.
- оқыту аяқталғаннан кейін сертификаттар/куәліктер беріледі;
- белгіленген бағаға: оқыту, үлестірме материал, кофе-брейктер (офлайн форматта) ұйымдастырылады;
- толық ақпаратты 8 (7172) 27-33-81 телефоны арқылы алуға болады.